Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары 8 сәуірде аяқталады. Ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, қазір жанар-жағармай қоры жеткілікті әрі тапшылық болмайды. Бірақ жүргізушілер қазірдің өзінде сұйық отынның жетіспеушілігі анық сезіліп отырғанын айтады. Көлік жүргізушісі Тимур Пайзахметов 5 жанармай құю бекетін аралап, дизель отынын таппады. Айтуынша, қазір тапшылыққа байланысты дизель отыны жеке тұлғаларға берілмей жатқан көрінеді. […]