Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасы 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай Шымкент қаласы мен Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармаларының қолдауымен оқу орнында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара барысында жетекші мамандар баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті. Ғылыми зерттеулерінің нәтижелері ұсынылды. «Пәнаралық неврология» конференциясы неврология саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандарды біріктірді. […]