Дәлдік, сабырлылық және жеңіске деген жігер! Шымкентте жасөспірімдер арасында оқ атудан Қазақстан чемпионаты өтуде. Байрақты бәсекеге еліміздің тоғыз өңірінен 164 спортшы қатысып жатыр. Олардың әрқайсысы өз шеберлігін көрсетіп, ел үздігі атануға мүмкіндік алмақ. Чемпионаттың жүлделерін Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ Алматы, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарының жас спортшылары сарапқа салуда. […]