Шымкенттік оқушылар тегін тамақтың орнына күніне 458 теңге алады. Жергілікті ата-аналар білім басқармасының бұл қаулысына қарсы. Себебі олар бұл қаржы баланың ішіп-жеуіне жетпейтінін айтады. Алайда жауаптылар, айтулы шешім жемқорлықпен күресудің жалғыз амалы деп сендірді. Осыдан он шақты күн бұрын Шымкентте оқушыларға берілетін тегін тамақтың орнына ата-ананың шотына күніне 458 теңге аударылады деген ақпарат шыққан болатын. […]