Шымкент қалалық перинаталдық орталығында МӘМС есебінен өңеші бітеу туылған сәбиге күрделі ота жасалды. Нәресте ішкі ағзасының ақауынан тіпті ана сүтін еме алмаған. Білікті дәрігерлер құрамы өміріне қауіп төнген бір күндік шақалаққа шұғыл түрде неонаталдық хирургиялық көмек көрсету шешімін қабылдайды. Нәтижесінде ота сәтті өтіп, бала анасымен жалпы палатаға ауыстырылған. Алдағы уақытта дәрігерлердің бақылауында болады. – […]