Кеше, 27 шілдеде Қажымұқан атындағы стадионда шымкенттік «Ордабасы» мен польшалық «Легия» командалары арасында футболдан жарыс өтті. Матч басталмас бұрын екі клуб жанкүйерлері ерегісіп қалды. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Полиция хабарлауынша, ешкім зардап шекпеген. «Ойын басталар алдында сағат 20.30 шамасында командалардың жанкүйерлері арасында ауызша ерегіс болды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен полицейлер дер кезінде әрекет етті. […]