Шымкентте 31 мыңнан астам тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты. Шаһарда жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін “Жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру” бағыты бойынша бірнеше өндіріс орны іске қосылды. Ал барлық мемлекеттік жоба негізінде жұмыспен қамту шарасына 52 мыңнан астам адам қатысқан. Биыл әлеуметтік көмек алушы отбасы саны 15 600-ді құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 69 пайызға аз. […]