Заң бұзушылардан 108 дана пиротехникалық заттар тәркіленді.Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Полиция қызметкерлері аталған заң бұзушылықтарды отшашулар сатылатын орындар мен базарларда жүргізген рейдтер барысында анықтады. Осылайша тәртіп сақшылары 3 қаңтарға дейін сауда орындарын аралап, патрульдеу жұмыстарын жүргізетін болады. Профилактикалық шара барысында өнімнің құжаттары, сауда жасауға рұқсаты мен пиротехникалық жарылғыш заттарды сақтау орындары […]