Шымкентте «Парыз» конкурсына қатысушы мекемелерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың арнайы алғыс хаттары табысталды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқау, ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» және «Ең үздік жыл жобасы» номинациялары аясында өткізілген еді. […]