Шымкентте пәтерлердің бірінен 15 жастағы жасөспірімнің денесі табылды. Оны ағасы ауыр халде ауруханаға жеткізген. Алдын ала себеп – көміртегі тотығымен улану. Қайғылы оқиға 26 наурыз күні кешке Ерімбетов көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Оқиға орнына жеткен жедел топ бірқатар бұзушылықтарды анықтады: лоджияға газ плитасы мен су жылытқышы қойылған. Лездік су жылытқышының мұржасы қабырға деңгейінде көшеге шығарылған […]