Абай ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Азаматша өзінің бұрынғы күйеуі пәтерге жасырын кіріп, құны 50.000 теңге тұратын алтын жүзігін және құны 30.000 теңге тұратын 4 дана газ баллондарын, ұрлап кеткенін хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары куәлерден жауап алып, оқиға болған орынға жақын маңдағы бейнебақылау камераларын қарап, ер адамның айрықша белгілері […]