Шымкентте сот нақты уақыт режимінде интернет арқылы порнография таратумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушыны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Еске салайық, 2021 жылдың шілдесінде криминалдық полицияның жедел уәкілдері әлеуметтік желіге жүргізген мониторингі барысында онлайн трансляция жасайтын порностудияны анықтаған болатын. Полицейлер бұл ақпаратқа қызығушылық танытып, жарты жыл ішінде барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде тергеушілер […]