Шымкентте «Игілік» аралығында Игілік-Бадам темір жолының 3266 шақырым учаскесінде 18 вагон, оның ішінде 17 бос вагон аударылып кеткен. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне 11 мамырда сағат 16.37-де хабарлама келіп түскен. «Вагондар «Шымкент-Арыс» бағытындағы №2489 жүк пойызының құрамында (жалпы саны 57 вагон) болды. Оқиға салдарынан әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалған, темір жол […]