Шымкентте жаңадан пайдалануға берілген атшабарда көкпардан жастар арасында Қазақстан Республикасының XVII чемпионаты аяқталды. Дүбірлі додаға еліміздің барлық аймағынан шабандоздар қатысты. Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы басты қарсыластары Түркістан облысының «Тұран» шабандоздарынан басым түсіп, бас жүлдеге иелік етті. Күміс жүлде түркістандықтарға бұйырса, қола жүлде алаң иелері Шымкент қаласының жігіттерінің уысына түсті.