Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ағымдағы жылдың 27 шілдесінде OLX жарнама қызметінде жарияланған Шымкентте санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің кеміргіштер мен жәндіктерге қарсы дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізетіні туралы жарнаманың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Бұл – жалған ақпарат. Мемлекеттік мекеменің атауын жамылып, халық сеніміне кірудің бір жолы. Сондықтан, осы және осы тектес жарнамаларға сеніп, алданып қалмауды сұраймыз! […]