Шымкентте стенд атудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыста елдің жеті өңірінен келген 120-дан астам спортшы бақ сынауда. Ел біріншілігіне Астана, Алматы және Шымкент қалаларымен қатар, Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Жетісу облысының мергендері қатысып жатыр. Ең көп спортшыны Шымкент қаласы ұсынды. Қала құрамасында 50 мерген енген. Олардың қатарында халықаралық жарыстарда ел намысын қорғаған тәжірибелі спортшылар […]