Шымкентте ата-ана қарауынсыз қалып, субұрқақта шомылып жүрген бала көз жұмды. Оқиға кеше, 24 шілдеде болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл туралы ведомствоның дағдарыс жағдайлар басқармасына сағат 19.30-да хабарлама келіп түскен. «2013 жылғы ер бала Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқақта ата-анасының қарауынсыз қалып, суға шомылған. Ол оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі таңда сот медициналық сараптамасы тағайындалды» делінген […]