Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Келіншек қаладағы сыйлық дүкендерінің бірінде діни мазмұндағы әдеби кітаптарды сатумен айналысқан. Полицейлер заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі «ҚР-ның діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Саудаға шығарылған кітаптар тәркіленді. […]