№2 қалалық ауруханаға қарасты перзентхана дәрігерлері мерзімінен бұрын туылған сәбилерді күтіп, баптап бүгін шаңырақтарына шығарып салды. Наргиза Әшірметованы дәрігерлер ақпанның 2-сі күні кесір тілігі арқылы босандырып алған. 31 жастағы қала тұрғынының бұл төртінші рет құрсақ көтеруі. Үшемге жүкті екенін жас ана жүктілігінің алғашқы аптасында білген. 33 аптада, яғни айы-күні толмай туылған сәбилердің өкпесі дұрыс дамымай […]