Шымкенттік тұрғын танысын «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлігін алып беремін деп сендіріп, 4 млн. теңгесін жымқырып кеткен. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын ірі көлемді қаржысынан айырылып қалғаны жөнінде арызданған. Жедел-іздестіру жұмысының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Аталған жайт ҚР ҚК «Алаяқтық» бабы бойынша тіркеуге алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. [hellip;]