Шымкентте тапа-тал түсте қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған өзбекстандық азамат сотталды. Үкім қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды. 49 жастағы ер кісіге Қылмыстық кодекстің қарақшылық, адам өлтіруге оқталу және қаруды заңсыз сақтау баптары бойынша айып тағылды. Сотталушы сот отырысында өз кінәсін мойындады. Қару-жарақ дүкеніне қару алу үшін шабуылдағанын, кейін банк тонамақ болғанын айтты. Сот оған […]