Бүгін Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы «Ордабасы» индустриялық аймағында техникалық газ күкірті тұтанып, өрт басталды. Өрт «KMG Supple Company» ЖШС-інің ашық алаңында басталып, тұрған күкірт қаптарын шарпыған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір оқиға орнына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков барды. Өртті жою үшін Төтенше жағдайлар департаментінің 84 қызметкер және 22 бірлік техникасы жұмылдырылды. […]