Шымкентте тергеу кезінде полиция ғимаратында азаппен өлген қостанайлық Нұрболат Жұмабаевтың өлімі бойынша қылмыстық іске нүкте қойылды. Үкім бүгін, 30 маусым күні қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды. Іс материлдарына сәйкес айыпталушыларға Қылмыстық кодекстің 362-бабы (Билікті асыра пайдалану) және 146-бабы (Азаптау) бойынша айып тағылды. Олардың екеуі Нұрболат Жұмабаевтың өлімі кезінде Шымкент қалалық Полиция департаменті […]