Желтоқсанның 14-і күні Абай ауданының ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және балалардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүруіне жол бермеу мақсатында рейд өткізді. Түнгі патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары беймезгіл уақытта ойын-сауық мекемелерінде болған, кәмелетке толмаған 15 баланы анықтады. Олардың ата-аналары жауапқа тартылды. Заңды өкілдерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы […]