Бүгін оңтүстік мегаполистің бесінші ауданының атауы түпкілікті бекітілді, деп хабарлайды ОТЫРАР. Жаңа аудан ерекше маңызды, тарихи «Тұран» атауына ие болды. Бұл туралы бүгін қала басшысының халық қалаулылары мен барлық басқарма басшыларының қатысуымен өткен мәслихаттың кезекті сессиясында ресми түрде айтылды. Айтпақшы, қала тұрғындары шілде айының соңында өткен қоғамдық тыңдауларда ұсынылған 10 нұсқаның ішінен бұл атауды таңдаған. [hellip;]