Шымкентте жыл басынан бері 78 әйел күйеуінен тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп, әлеуметтік орталыққа жүгінген. Олардың 49-ы психологиялық-әлеуметтік көмек алып, өз отбасына қайта оралды. Ал 14 ана дәл қазір мекеменің қамқорлығында. Дильшахтың тұрмыс құрғанына 4 жылға таяған. Алайда осы жыл аралығында күйеуінен көрмеген қорлығы жоқ екенін айтады. Оның сөзінше, жолдасы шаңырақ көтергендеріне 1 ай өткенде ұрып-соғуды бастапты. […]