Шымкентте үйлену тойында оқ атылды. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті екі тұрғынды ұстады. Айта кетейік олар қалыңдықты шығарып салу рәсімінен кейінгі от шашу кезінде ауаға бірнеше рет оқ атқан. Тәртіп сақшылары олардан нөмірлері жойылған АК-74 автоматын тәркілеген. Оқиға болған жерді қарау кезінде криминалистер жиырмаға жуық атылған оқтың гильзасын тапты. Қазір қаруды заңсыз сақтағандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.