Шымкентте есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері есірткімен байланысты 506 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде заңсыз айналымнан 137 келі есірткі заттары, оның ішінде 15 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл туралы қалалық ПД бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев мәлімдеді. Ведомство бастығы орынбасарының айтуынша, есірткі сатумен байланысты қылмыстардың тең жартысы интернет арқылы жасалады […]