Шымкент қаласы аумағында екі жасырын цех анықталды. Біреуі Құрбан ата көшесіндегі жеке үйлердің бірін жалдаса, ал екіншісі «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан. Екі цехты да экономикалық-тергеп тексеру департаменті анықтаған. Оларды 47 және 33 жастағы азаматтар басқарған. Дегенмен жасырын цехтардың бір-бірімен еш байланысы болмаған көрінеді. Қазіргі таңда дайындалған алкоголь өнімдері жойылған. Шыны бөтелкелер ұсақталып, ішіндегі алкоголь төгілген. […]