Наурыз айының басында қарт ерлі-зайыптыларды соққыға жыққан Еркеғали Диханбаев полиция қызметінен қуылды, деп хабарлайды ОТЫРАР. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция басқармасынан хабарлады. Еске салайық, полиция қызметкері Еркеғали Диханбаев пен жараланған Олег Петровский арасындағы жанжал ақпан айының соңында болған. Ер адамдар арасындағы ауызша кикілжің ұрып-соғуға ұласқан. Одан кейін жәбірленушінің әйелі де төмпештің астында қалған. Көпшіліктің наразылығынан […]