Шымкент қалалық арнайы сотында атышулы сыбайлас жемқорлықтың жай-жапсары белгілі болды. Өткен жылдың қазан айында Мәдениет басқармасы, «Мәдениет үйі» концерттік ұйымының бас есепшілері және олармен сөз байласқан кәсіпкер айыпталды. Олар алты жүз миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденіп, қалтасына басқаны үшін кінәлі деп танылды. Сот мәліметіне сүйенсек, карантин кезінде айыпталушылар болмаған концертті өтті деп, хаттамаға түзген. […]