Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкентке саяхатшылардың қатары көбейген. Қазақстанның өзге өңірлерінен келген отандастарымызды, шетел азаматтарын Шымқала өзінің сәулетімен көркімен таң қалдыруда. Әсіресе, Нұрсәт шағынауданындағы жаңа, аппақ қардай ақ мешіт. Рухани орда ағартушылық қызметін де атқарады деп жоспарланған. Жобаның авторы және құрылыстың идеясын ұсынушы елімізге белгілі кәсіпкер Серікжан Сейітжанұлы. Шымқаладағы Ақ мешітті салуға Абу-Даби […]