«Фиркан» басшылығы қазақстандық ең ірі Magnum сауда желісімен келісім жасағанын хабарлады. Сечкин Пишкин, «Фиркан» сауда желісінің басшысы: «Фиркан» ЖШС иелері мен басшылығы бизнес құрылымын өзгерту туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, тауарларды таратуға назар аудару және жеке өндірісін кеңейту (нан-тоқаш өнімдері, жеміс-көкөніс консервілеу, алкогольсіз сусындар). Біз бөлшек сауда дүкендерді екі жаққа да тиімді шарттармен жалға алу […]