Шымкентте жантүршігерлік оқиға орын алды. Тауке хан даңғылының бойындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 28 жастағы қыздың мәйіті табылды. Жас қыздың өліміне қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы Жетісай ауданының тұрғыны ұсталды. Сезіктіні полицейлер жергілікті мекен-жайынан анықтаған. Алдын ала болжам бойынша қалаға жұмыс істеу мақсатымен келген бойжеткенді байлап, қылғындырып өлтірген. Шымкент қалалық Полиция департаментінің […]