Шымкент сити аумағында 3 қабатты, 5 блоктан тұратын Конгресс-холл ғимараты салынып жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жүргізіліп жатқан құрылыс барысын аралап, бақылап көрді. Бой көтерген ғимаратта 2066 орындық көрермен залы, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз орталығы, 148 орындық асхана қарастырылған. Сонымен қатар 40-қа жуық көлік сиятын жер асты тұрағы болады. […]