Шымкенттегі пәтерлердің бірінен 78 жастағы қарияның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 15 қараша күні Спорт шағынауданындағы 5-қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зейнеткер иіссіз газға уланып көз жұмған. Бүгінде полиция аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғады. Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі: «Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексiнің 306-бабы бойынша іс қозғалды. Тиісті […]