Үшінші мегаполисте Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум басталды. 312 сайлау учаскесі ашылды. 18 жасқа толған 631 133 шымкенттік сайлауға құқылы. Шымкенттегі Саз колледжіндегі №8 референдум учаскесінде 1744 адам дауыс беру құқығына ие. Ең бірінші болып Абай ауданының тұрғыны Юлия Стукова дауыс берді. Екінші болып әскери қызметкер Өмір Серіков дауыс берді. Бақылаушылар отыр. […]