Жедел іс-шараларды өткізу барысында Шымкент қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қаратау ауданы көшелерінің бірінде есірткі курьерін ұстады. Жедел уәкілдер әйелден белгісіз зат салынған 40 полиэтилен пакетін тәркіледі. Кейін сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екені анықталды. Тергеу барысында 1969 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны Telegram арнасы арқылы жұмыс іздегені белгілі болды. […]