Шымкентте бір апта ішінде қоқыс тастаған 108 тұрғын жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері рейдтік шара барысында көше бойына құрылыс қалдықтары мен материалдарын төгіп, аумақтың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізген азаматтарды анықтады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі (ортақ пайдаланатын орындарды ластау), бойынша хаттама толтырылды. Яғни, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалады.