Шымкенттік 11 сынып оқушысы өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Оқиға 22 қаңтар сағат 18:30 шамасында орын алған. Марқұм қыз “Оңтүстік” шағынауданында тұрғаны белгілі болды. Мамандар оның өз үйінде асылып, қайтыс болғанын мәлім етті. Қазір қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмысын жүргізіп жатыр. Әсел Мәлік