Үшінші мегаполистің бүлдіршендері 1 маусым – балаларды қорғау күнін тойлады. Жаздың алғашқы думанды мерекесі қаланың басты алаңында өтті. Шара барысында 500-ге жуық бала алаңда сурет салып, дарынды өнерпаздардың қолөнер туындылары көрмеге қойылды. Шымкенттік бүлдіршіндер балаларды қорғау күнін атап өтті. Мегаполистің басты алаңында өткен салтанатты шарада қала өнерпаздары әннен шашу шашып, балапандарға арналған мерекелік қойылымдар көрсетілді. […]