Шымкенттік дәрігерлердің күрделі неврологиялық ауруларды емдеуге мүмкіндігі артып отыр. Олар шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу барысында эпилепсияға шалдыққан науқасқа алғаш рет ота жасады. Қалалық балалар клиникалық аурухана базасында басталған шеберлік сабағы «Балалар нейрохирургиясындағы операцияның инновациялық әдістері» ғылыми конференция тақырыбы аясында өтуде. Оған еліміздің әр аймағынан келген 30-ға жуық дәрігер қатысуда. Іс шара екі күнге созылады. Осы […]