Жасы 70-ке таяған зейнеткер Еркін Тұрмановтың оң көзі 10 жыл бұрын мүлдем көрмей қалған. Көз соқырлығына душар болған зағип жанға тор қабатының сылынуы мен күрделі катаракта диагнозы қойылады. Науқастың айтуынша ем іздеп бармаған жері жоқ. Шипасын «Көз аурулары Қазақ ғылыми-институтының» Шымкент қаласындағы клиникасынан тапқан. Дәрігерлер оған таяу күндері МӘМС қаражаты есебінен құны 900 мың […]