Биылғы көктемгі дала жұмыстары және күз мезгіліндегі жиын терімге шаруаларға қажетті дизель отыны жеңілдетілген бағамен беріледі. Бұл мәселеде ешқандай күрделіктер туындамайды деп сендірді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы кәсіпкерлік палатада «Жанаржағармайдың тапшылығын болдырмау» тақырыбында өткен ауқымды жиында. Абунасыр Жанбатыров, Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы: «Пайдаланылмаған ЖЖМ, қысқарған егістік көлемінің […]