Досының қуанышын ортақтасқан шымкенттік жігіт жаңа түскен келіннің беташар рәсімінде мәрттік танытты. 21 жастағы Бақдәулет Жарылқасын табаққа 100 мың теңге мен өзі мініп жүрген көліктің кілтін салды. Салтанатты рәсімдегі сәттің видеосын ол өзінің ТікТок парақшасында жариялаған. «Еркек сөз берді, уәдесінде тұрды» – деп жазды ол. Бейнежазбада асаба жас келінге сәлем салдырып, шаңырақ көтерген жігіттің досын […]