Шымкент қаласының жүзу командасы Тәжікстанның астанасы Душанбеде өткен халықаралық турнирде ел намысын абыроймен қорғады. Тәжікстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған жарысқа Тәжікстан, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және өзге де елдерден 100-ден астам спортшы қатысты. Жарыс қорытындысында Шымкент құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алды. Қоржынға 5 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль түсті. […]