Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне әкімдікпен жер учаскесінің нысаналы мақсатын жеке тұрғын үй құрылысынан коммерциялық мақсаттарға өзгертуден бірнеше рет бас тартқан кәсіпкер жүгінді. Бейінді басқарманың бас тартуына аталған аймақтағы егжей тегжейлі жоспарлау жобаларының бекітілмегені себеп болған. Департаменттің араласуымен әкімдікке хат жолданып, нысаналы мақсаты өзгертілді.