Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында өңдеу өнеркәсібі салалық кеңесінің отырысы өтіп, онда жергілікті кәсіпкерлердің өтініші талқыланды. Жиынға Палата және қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшылығы, өңірлік кеңес мүшелері, кәсіпкерлер, «Атамекен» ҰКП Департамент жетекшілері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері қатысты. «Кәсіпкерлердің субсидияға қол жеткізуі – өте өзекті мәселе. Себебі, қаламыздағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге, олардың […]