Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өтіп жатқан Азия чемпионатында Шымкенттегі А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұлдызай Ибраева чемпион атанды. Алғашқы белдесуде жерлесіміз Вьетнам спортшысымен кездесіп, жартылай ширек финалда үндістандықты ойсырата жеңді. Шымкенттік мұғалім финалдық кездесуде Маңғолия спортшысын ұтып, жеңіске жетті. Таеквондодан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың күміс жүлдегері Жұлдызай Махмуджанқызы қаламыздың намысын талай […]