Психологтан тегін кеңес. Шымкентте қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға ақысыз негізде психологиялық консультация жүргізіліп жатыр. Мамандардың көмегіне 14-35 жас аралығындағы жандар жүгіне алады. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жыл сайын аталған жоба аясында қиын жағдайда қалған азаматтар психологтан өздеріне қажетті кеңес алады. Бүгінгі шараға сала мамандарынан көмек сұрап, өзінің өмірі жайлы сыр шерткендер қарасы көп болды. […]